AAPL
141.56 $
1.89 %
TSLA
699.2 $
2.55 %
NDAQ
157.49 $
1.22 %
GOOGL
2265.26 $
4.16 %
FRHC
44.98 $
1.33 %
AAPL
141.56 $
1.89 %
TSLA
699.2 $
2.55 %
NDAQ
157.49 $
1.22 %
GOOGL
2265.26 $
4.16 %
FRHC
44.98 $
1.33 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Автокредит бағдарламасы: Huyndai мен Kia көліктері Қазақстанға қашан жеткізіледі?

Қазақстан автобизнес қауымдастығының өкілі Ербол Сейпілов жеңілдетілген автокредит бағдарлмасы бойынша көліктердің қашан жеткізілетінін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Ресми мәліметке сәйкес, бүгінде автокредит бағдарламасы бойынша Chevrolet көп сатылады. Одан кейін Huyndai, Jac, Kia мен Lada тұр.

Қазіргі кезде автозауыттар жоспар бойынша жұмыс істейді, барынша өндіріс көлемін ұлғайтуға тырысып келеді.

Дилерлік орталықтарға апта сайын көлік жеткізіледі. Бүгінде резервте 8 мыңдай көлік бар.

"Мәселен, Huyndai зауыты алғашқы күндері автосалондарға 1800 көлік жеткізен. Соның бәрін бірден брондап қойған. Маусым айында тағы 2 500-ден астам көлік жеткізіледі. Одан кейін шілде айынан бастап ай сайын 4 500-тен артық Huyndai моделі болады", – деді Сейпілов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте. 



Оның айтуынша, "СарыарқаАвтоПром" ЖШС көліктің 32 моделін шығарады. Соның ішінде Kia да бар.

"Алғашқы күндері салондарда 4 000-нан астам көлік тұрған. Зауытта тағы 3 500-дей көлік бар. Маусым айынан бастап ай сайын 6 000 көлік жеткізілетін болады", – деп атап көрсетті Сейпілов.

Айта кетері, автокредит бағдарламасына бірқатар өзгеріс енгізілді. Атап айтқанда, енді шот-фактурада VIN-код көрсетудің қажеті жоқ.

Ал КАСКО-ны бірден төлемеуге де болады. Оны жыл сайын өтеп отыруға мүмкіндік бар.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр