"Автобустың артына мінгесіп жол жүрген": Алматыда ер адамды полиция іздестіріп жатыр
Алматы автобустың артына жабысып, жол жүрген алматылықтың видеосы желіде таралды. Видеода аялдамадан ер адам автобус артына мінгесіп, онымен бірге жол жүріп кете барады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Полицияға видеоға түсіп қалған ер адамды іздестіріп жатыр. Онда ер адамның қоғамдық көліктің артына мінгесіп, алып бара жатқаны көрсетіледі. Оның әрекеті көпшіліктің қызу талқысына түсті. Біреулер тегін жүрудің айласы десе, басқалар бұл жүрістің қауіпті екенін айтады.
"Автобустың артына мінгескен жолаушы жол ережесін өрескел бұзған. Бұл адамның өзіне де тікелей қауіп төніп тұр. Басқа да жол қозғалысының қатысушыларына апатты жағдай тудырады. Бұл үшін жауапкершілік қарастырылған. Қазір жергілікті полиция қызметі бұл дерекпен айналысып жатыр", - деді қалалық Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Өрт сөндіргіш, дәрі қобдишасы, апат белгісі: 2026 жылы Қазақстанда көлікте қандай заттар болуы керек
Мопедте болуы керек құжаттар тізімі де аталды
Қатерлі ісікке шалдыққан жігітке ғашық болған қазақстандық қыздың махаббаты оны сырқатынан айықтырды
Аружан Райымбектің жағдайын өте ауыр қабылдаған, тіпті сауығып кеткенше көзі жастан құрғамаған