Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Австралиядағы өрт салдарынан миллиардтан астам жануар қырылды

Австралияда болып жатқан өрттің салдарынан бір миллиардтан астам жануарлар мен құстар қырылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы Сидней университетінің ғалымдары мәлімдепті. 

Зерттеу авторы Крис Дикманның айтуынша, тілсіз жаудың құрсауында Оңтүстік Жаңа Уэльс штатының өзінде 800 миллион жануар қалған. Бұл аймақтағы жаунарлардың көрсеткіші 2007 жылғы әлемнің жабайы табиғат қорының мәліметі болып табылады. Қазіргі күні жануарлардың саны бұдан да артқан, сол себепті жағдай мүлдем ушығуда. 

Өрттен аман қалған жануарлар, жалынның себебінен жапан далаға айналған жерлерде нәр таба алмағандықтан немесе басқа жыртқыштарға жем болғандықтан қырылуда екен. 

пожар в Австралии

Осыған байланысты Австралияның басшылығы бірнеше мың түйені өлтірмекші болып, шешім қабылдапты. Өз шешімдерін жергілікті билік түйелердің өртті сөндіруге кететін суды шамадан тыс қолдануында деп түсіндірген. 

Австралиядағы өрт өткен жылдың қыркүйек айынан басталып, қазірге дейін тоқтайтын емес. Бүгінгі күнде өрт кесірінен мерт болғандардың саны 19-ға жетіпті. Мемлекет аумағының көп бөлігі от құрсауында қалыпты. 

пожар в Австралии

Талқылау