Австралия жағалауынан жұмбақ металл цилиндр табылды
Австралия қаласы Юриен шығанағы жағалауынан жұмбақ металл цилиндр табылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Fox News арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Ел билігі белгісіз затты ғарыштан келген қоқыс болуы мүмкін деп болжады. Олар жергілікті тұрғындарды жұмбақ металлға жақындамауға шақырды. Австралия ғарыш агенттігінің өкілдері цилиндр шетелдік зымыран тасығыштың бөлігі болуы мүмкін дейді.
Жұмбақ нысан әлеуметтік желі қолданушыларын да қызықтыруда. Олар белгісіз заттың қайдан шыққанын болжауға кірісті.
Кейбіреулері жұмбақ металлды өткен аптада ұшырылған үнділік LVM3 зымыранының бөлшегі болуы мүмкін дейді.
Қазақстанда үйді міндетті сақтандыру қалай жұмыс істейді: Жылына қанша төлеп, апат болса қанша ақша алуға болады
Жоба әуелі үш өңірде сынақтан өткізіліп, кейін 16 өңірге енгізілмек
Астанада параспортшылар федерация басшысына жалақысының бір бөлігін беруге мәжбүр болғанын айтты
Федерация басшысына "Алаяқтық" бабымен іс қозғалған