Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Аузында темекі, жанында жалаңаш қыздар": Баян Мақсатқызы Snoop Dogg-қа шапан жауып, сынға қалды

Америкалық танымал рэпер әрі актер Snoop Dogg КешYOU тобымен бірге клип түсірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: instagram.com/bayanmaxatkyzy

Танымал продюсер Баян Мақсатқызы мен түсірілім тобы Лос-Анджелес қаласына аттанды. 

“Барынша интрига жасағымыз келді. Бірақ біздің қолымыздан келіп, Snoop Dogg-пен бірге жұмыс істеп жатырмыз. Сен – аңызсың! Сенің тыңдармандарың біздің елде жетеді, солай емес пе, менің оқырмандарым?! Одан кейін біздің қыздарымызды әлем мойындауы керек. Қыздарым шынымен де талантты. Аида, сенің шапаның әлем мойындаған рэперге ұнады. Ол енді ғасырға жуық аузынан тастамай айтып жүретін болады. Қайта-қайта видеоға түсірді”, – деп жазды продюсер. 



Танымал дизайнер Аида Кауменова да жеке парақшасына жазба жариялап, туындысының мұхит асқанын мақтанышпен жеткізді. Алайда рэпер аузындағы темекісін тастамаған күйі шапан кигені және КешYOU қыздарының образы көпшілікке ұнамады. 

“Ұлттық киімді кім көрінгенге жауып, құртты-ау”, “Қыздар дәстүрлі ұлттық киім киюі керек еді”, “Аузындағы темекісін алып тастамай ма?!”, “Қыздар жалаңаш жүр екен”, “Төсін ашып шетелдік әншімен бірге жүруді тәрбие деп отырсыңдар ма?”, – деп жазып жатыр оқырман қауым. 

Еске салайық, әлемге танымал рэпер Snoop Dogg KeshYOU тобымен коллаборация жасады. 

 

Талқылау