"Ауруы болған": Ақтаулықтар жергілікті құс фабрикасының өнімдерінің сапасына риза емес
Ақтау қаласының тұрғындары жергілікті құс фабрикасының өнімінің сапасыздығына наразылығын жеткізді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Lada.kz сайтына сілтеме жасап.

Әлеуметтік желілерде жергілікті өндірушінің тауық етінің сапасы бірнеше есе нашарлағаны жазылды.
“Алғашында ашық түсті, балғын және таза болды. Соңғы үш айда сапасы нашарлады. Қауырсындары қалып қояды, кейде жағымсыз иіс шығады. Құс фабрикасы сапа үшін емес, сан үшін жұмыс істей бастағаны анық”, – дейді қала тұрғыны.
Жергілікті тұрғын Рысгүл "Жігер" сауда орталығынан сатып алынған осы жергілікті брендтің өнімдерін көрсетті.
“Жібітіп, шығарып алғаннан кейін шошып кеттім. Тауықта жаралар бар. Мүмкін қандай да бір ауруы болған шығар, кім біледі. Тамақ дайындаудан қорықтым, қайтадан пакетке салдым. Кешке күйеуіммен бірге сауда орталығына барып, сол тауықты көрсеттім. Әкімші пакетті ашып, кассирге тауар үшін ақшаны қайтарып беруін айтты, – деді Рысгүл.
"Каспий құс" компаниясы сауалға жауап бермеді және мәлімдеме жасаған жоқ.