Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Әулиеге ұқсап қалдың": Мәдина Садуақасованың жаңа жылдық образы сынға қалды

Танымал әнші Мәдина Садуақасованың жаңа жылдық образы жанкүйерлеріне ұнамай қалды. Отандық дизайнердің су жаңа топтамасын жарыққа шығарған әнші сынның астында қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Өнер иесінің айтуынша, алғашында өзі де образын ұнатпаған көрінеді. 

“Дизайнерімнің жұмысын көргенде fashion-сиқыршының киімі осы ма деп ұнатпай қалып едім. Далада өткен бес сағаттық түсірілім кезінде рақмет айттым. Осындай жып-жылы бас киім, қазақы оюмен сиқыршының киімін тігіп берді. Қалың дегенім киімім тау басындағы аязда тоңдырмады. Жаңа жылдық кино-ертегіде аяз далада қалып қойған адамдарды құтқаратын Феямын ба , Перімін бе , Сиқыршымын ба.?! Қалай атауға болады мені?!Орманда машиналары жүрмей қалған адамдарды күтіп отырмын”, – деп жазды әнші.  

Әншінің оқырмандарының пікірі екіге жарылды. Бірі ерекше образға балап жатса, енді бірі әулиеге ұқсатып жатыр. 

“Әншілер әбден еріккенсіңдер! Мәдина саған Ақшақар болу жараспайды, ол жас қыздардың әрекеті” – дейді бір оқырманы. “Қорқыт атаға ұқсап қалдың”, “Шайтан ба деп шошып кеттім”, “Ұрғашы Аяз ата”, “Кім боларын білмей жүрген адамның тірлігі” деп негатив пікір жазып жатыр. 

 

Талқылау