"Ауырып қаламын": Мақпал Жүнісова желіде өзін балағаттайтындар жайлы айтты
Instagram-да жағымсыз пікір жазатын хейтерлер Мақпал Жүнісованы да айналып өтпеген. Халық әртісі кейбір мәдениетсіз оқырмандардың кесірінен талай рет ауырып қалғанын айтады. Бүгінде жанның тыныштығы үшін пікір қалдыруды шектеген. Желіде өзін балағаттайтындар жайлы Халық әртісі "Таңшолпан" бағдарламасында айтты.

Анасына жазылған пікірлерге әншінің қызы Мерей де алаңдайтын көрінеді.
"Қызым да айтады. "Мама, неге сен туралы олай жазды” деп, бір жағынан, оның да көңілі босап қалады.
- "Олар - менің жауларым, мені әдейі жаман етіп көрсетті": Мақпал Жүнісова отандық фильмді түсірушілерге ренішін айтты
Ол кісілерге ермек сияқты. Мысалы, мен танымайтын адамға "жындысың, ақымақсың, маған ұнамайсың, кетші бар" деп жазбаймын ғой. Жасы үлкен адам-ау деп қарамайды. Баяғыдай 17 жастағы қыз емеспін ғой. Міне, қаңтардың 11-інде 58-ге толайын деп отырмын. Құрметті, мені жек көретін адамдар, 60-қа толуыма екі-ақ жыл қалды, боқтамай-ақ қойыңдаршы", – деп өтінішін білдірді әнші.
"Адамдар келсе айт, жылауға дайындалайық": Қазақстандықтар жаназа кезінде бастан кешірген жағымсыз жайттары туралы баяндады