Ауыл шаруашылығы министрлігі "Шайн мускат" жүзімінің ағзаға зияны бар-жоғын анықтады
Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты мемлекеттік инспекция комитеті карантиндік фитосанитариялық бақылау кезінде жүзім үлгілеріне зертханалық сараптама жүргізді. Олар жемістен адам денсаулығына қауіп төндіретін зиянкестер табылмағанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің дерегіне сенсек, Абай ауданы бойынша филиалы (Қытай Халық Республикасымен шекарада) "Шайн мускат" нитратының құрамы бойынша зерттеу жүргізді.
Оның қорытындысы бойынша, өнімдегі нитрат мөлшері – 13,7 миллиграмм/келі. Бұл осы өнім үшін рұқсат етілген көрсеткіш.
Еске салайық, бұған дейін желіде қазақстандықтар арасында “шайн мускат” жүзімі қызу талқыға түсті. Аталған жеміс-жидекке қатысты ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров пікір білдірді. Кей ақпарат көздері жүзім құрамында химиялық заттар көп екенін айтып отыр. Ал министр Айдарбек Сапаровтың айтуынша, Қазақстанға жеткізілетін кез келген өнім зертханаға тапсырылуға тиіс.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"