Ауғанстанда апатқа ұшыраған ұшақ: Ресейлік ерлі-зайыптының қаза тапқаны анықталды
Мәскеуге бара жатып Ауғанстанда апатқа ұшыраған ұшақ ішінде екі ресейліктің қаза тапқаны анықталды.Олар Волгодонск қаласының ерлі-зайыпты тұрғындары болып шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Комсомольская правда басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Сурет желіден алынған
Волгодонск кәсіпкерлері Евсюковтар отбасы ұлдарымен бірге желтоқсан айында демалысқа Тайландқа ұшып барған. Шетелде жүргенде әйелі қатты ауырып, жергілікті ауруханаға жатқызылған.
"Біз оны Паттайядан Мәскеуге жеткізу мәселесін шештік. Отағасы онымен бірге жеке ұшақпен Үндістаннан жанармай құйып ұшты. Ал ұлы бір ғана адамға ілесіп жүруге рұқсат етілгендіктен ұлдары Таиландта қалған. Дегенмен оқыс оқиға салдарынан ұшақ Ауғанстанның үстінде құлады", – делнген жазбаларда.
Ұлы Мәскеуге тұрақты рейспен келіп, ата-анасының қайтыс болғанын білді.
Еске салсақ, Мәскеуге бет алған үнді ұшағы Ауғанстан аймағында апатқа ұшырағанын хабарлаған болатынбыз.
Қазақстан оқушылары басқа елдермен салыстырғанда қаншалықты жақсы оқиды?
PISA-2025 зерттеуіне “Цифрлық әлемде оқу” атты жаңа бағыт енгізілген
"1 миллион 200 мың теңге сұрады”: Қазақстандық мұғалімдер мектепке жұмысқа тұру ақша сұрайтынын айтып наразы болды
Айман: "Олардың өз схемасы бар, ақшаны делдалдар арқылы қолма-қол сұратады"