Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әуежайда есірткіні жаңа жылдық сыйлық ретінде өткізбек болған әйел ұсталды

Жаңа Зеландияның әуежайында канадалық әйел шекарадан 10 килограмға жуық метамфетамин өткізбек болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі People.com басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: New zealand customs

Мәліметтерге сенсек, 29 жастағы әйел есірткіні жаңа жылдық сыйлықтар ретінде ораған. Алайда, кеденшілер оны ұстап қалды.

Олар контрабандашы әйелмен сұрақ-жауап жүргізген. Оның жол сөмкесін тексеріп, ішінен тыйым салынған заттарды тапты.

Окленд әуежайының кеден қызметінің есептеуі бойынша тәркіленген есірткінің қара нарықтағы құны 3,8 миллион жаңа зеландиялық доллар (229 миллион рубль) болуы мүмкін. Кейін канадалық әйел қамауға алынды.



Еске салайық, бұған дейін полицейлер фармацевтикалық ұнтақты есірткі деп ойлап, ер адамды түрмеге қамағанын жаздық. Аргентинада Максимилиано Акоста есімді азамат 21 күнге түрмеге қамалды. Оқиға Мендосадан Буэнос-Айреске бара жатқан автобуста болған. Полицейлер ер адамды 2,5 келі есірткі тасымалдады деп айыптап, кейін қателескендерін мойындады

Талқылау