Атырауда Президенттің атынан мемлекеттік марапаттар табысталды
Ұлттық мереке – Республика күні қарсаңында Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов еліміздің және өңірдің дамуына үлес қосқан бірқатар азаматқа Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан мемлекеттік марапаттар табыс етті.
Аймақ басшысы Республика күнінің тарихи маңызына тоқталып, бұл мерекенің халықтың бірлігі мен жасампаздыққа деген ұмтылысын сипаттайтынын айтты.
“25 қазан – елдігіміздің ақ жолы айқындалған тарихи күн. Бүгінде Қазақстан экономикалық әлеуеті зор, әлемдік қауымдастықта өз орны бар, болашағына сеніммен қарайтын мемлекетке айналды. Атырау облысы үшін экономиканы әртараптандыру, өндірісті дамыту, инвестиция тарту және халықтың өмір сапасын арттыру маңызды басымдықтар санатында. Ал біздің баға жетпес құндылығымыз — бейбітшілік пен татулық. Әр азаматтың адал еңбегі – еліміздің алдағы дамуының кепілі. Бірлігіміз бізді жаңа жетістіктерге бастасын! Еліміздің ертеңі еңселі, келешегі кемел болсын!”, – деді Болат Ақшолақов.

Салтанатты іс-шара мерекелік концертпен аяқталды.

"Қазақстандық өнімді сөреге қойғызбайды": Ақтаудан Алматыға бизнесін дамытуға келген кәсіпкер өндірісін жабуды ойлап жүр
Сөзінше, отандық өнімді қолдамай, оның тауарларына арналған сөре берілмейді.
1 миллион 200 мың теңге: Қазақстанның қай өңірінде мұғалімдер көп жалақы алады
Алматы облысында бір мұғалімнің айлық жалақысы 1 миллион 228 мың теңгеге жеткен