Атыраулық вахтер жұмыстан қуған басшысынан 1,3 млн теңге өндіріп алды
Атырауда жұмыстан заңсыз шығарылған әйел жұмыс берушіден сот арқылы 1,3 млн теңге өндіріп алды. Сонымен қатар ол қызметіне қайта оралатын болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Мой город" порталына сілтеме жасап.

Судья Жасур Момынжанов істі вахтердің пайдасына шешті. Вахтерді жұмыстан шығару туралы бұйрықтың күші жойылды. Әйел қызметіне қайта орала алады. Ал жұмыс беруші оның жұмыссыз жүрген уақыты үшін 1,3 миллион теңге және моральдық өтемақы ретінде 50 мың теңге төлеуге міндеттелді. Арыз беруші өтемақы ретінде 450 мың теңге сұраған еді.
"Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді": Қазақстандық кәсіпкердің жаңа салық реформасының кесірінен бизнесі шығынға батқан
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Қазақстанда тұрақты тұруға өтініш берген шетелдіктер қазақ тілінен тест тапсырады: Оларға қандай сұрақтар қойылады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі