Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атыраулық еріктілер гуманитарлық көмек арасында киілген іш киім жүргеніне ызаланды

Атырауға гуманитарлық көмек ретінде жіберген заттардың арасында ер мен әйел адамның киілген іш киімдері жүр.Осындай видео әлеуметтік желілерде тарап кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: кадрдан скриншот

Волонтерлер су басқан ауылдарда зардап шеккен тұрғындарға осындай “көмек” көрсетпек болған кей азаматтардың әрекетіне ашуланды. 

“Өтірік емес, шын, киілген. Қараңыздаршы, бәріміз қолмен ұстап көріп жатырмыз. Киілген, жыртық-жыртық іш киімдерін беріп жіберген”, – дейді видеоны түсірген әйел. 

Ол “осындай жағдайға түскен адамдарға мазақ көрсетіп жатсыздар ма?”, – деп ренжіді. 

“Қоймада адамдардың бәрі жұмыс істеп жатыр. Адамдар жыртылған, киілген іш киімін беріп жіберген. Мынадай боп жыртылған іш киімдерді неге беріп жібересіздер? Кішкене ойланбайсыздар ма? Ұят деген бар ма сіздерде? Қырғын қыз жұмыс істеп жатыр, қыздарға ештеңе емес. Өзі де тасқынның астында қалып, үйінен айырылып жатқан адамдарға осындай нәрсе жібересіздер ма?”, – деп ашуланды әйел. 

 

Айта кетейік, даламызды су басып, төтенше жағдай туғанда алғашқы болып көмек қолын қырғыз бауырлар созды
6 сәуір күні Қырғызстаннан шыққан 15 көлік Атырау, Ақтөбе, Қостанай және біздің өңірге бөлінді. 9 сәуір күні гуманитарлық көмек тиелген 4 жүк көлігі Орал қаласына келіп тоқтады.  

Талқылау