Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Өмірі үшін күресіп, әбден қиналды": Атыраулық әйел 5 жасар қызының өліміне дәрігерлерді кінәлайды (видео)

Атырау тұрғыны 5 жасар қызының өліміне дәрігерлерді кінәлап отыр. Сөзінше, мамандар науқас қызына қажет шараларды жасамаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Мой город сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

 

Видеодан скриншот

Атыраулық әйел бір апта бұрын 5 жасар қызы Жасмин Нариманқызының жедел жәрдеммен облыстық балалар ауруханасына жеткізілгенін айтады. Түскен кезде бүлдіршіннің жүрек соғысы әлсіз болған.

“Қызымнан тахикардия белгілерін байқадым. Дәрігерлер дереу қажет шараларды қолданбады. Олар оттегімен әлек болды, содан кейін жүрекке массаж жасады. Адреналинді талап ете бастағанда ғана енгізе бастады”, – деді ана.

Сөзінше, бұл манипуляцияларды жасауға 2 сағат кетті және дефибриллятор қолданылмаған.

“Мен неліктен дәрігерлерге не істеу керек екенін үйретуім керек? Олар бұл манипуляцияларды 2 сағат бойы жасады. Дефибриллятор қолданылмады. Мен шыдай алмай, палатаға кірдім. Қызымның желдеткіш түтігін тістеп жатқанын көрдім. Бұл оның азап шеккенін, өмір үшін күрескенін білдіреді. Сонда да ешкім дефибриллятор әкелген жоқ. Мүмкін ондай құрал ауруханада жоқ та шығар”, – деді әйел.

Әйел қызын аман алып қалуға болар еді дейді. Ол президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа жүгініп, тергеудің әділ өтуі үшін көмек сұрады.

Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі бұл оқиғаға қатысты қызметтік тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады. Басқарма бұдан басқа мәлімет бермеді.

Талқылау