Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атыраудағы ауруханада жүкті әйел көз жұмды

Атырау облыстық ауруханасында баласына 17-ші апта жүкті болған әйел көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Оқиға туралы қоғам белсендісі Нұрлан Жүнісов өзінің Facebook желісіндегі парақшасында хабарлады. Марқұмның күйеуі қайғылы жағдайдың қалай болғанын айтты.

"Әйелім ауруханаға түсті. Бір күннен кейін шықты. Үйге келгеннен кейін әйелімнің жағдайы нашарлады, көп қан кетті. Ауруханаға жатқызғаннан кейін әйелім көз жұмды", –  дейді марқұмның күйеуі.

Белгілі болғандай, ауруханада әйел түсік тастаған. Сәбидің мәйіті мәйітханада жатқанын әкесі он күннен кейін ғана, марқұм әйелінің өмірден өткен туралы анықтама алуға келгенде білген.

Марқұм келіншектің тұрмысқа шыққанына небәрі 3 жыл болған. Оның артында кәмелетке толмаған екі баласы қалды. 

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы бұл оқиғаны растады, бірақ түсініктеме кейінірек полиция департаментімен бірге берілетінін айтты.

Талқылау