Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырауда жол қозғалысын реттеп тұрған полиция қызметкерін көлік қағып кетті (видео)

Атырауда жол қозғалысын реттеп тұрған патрульдік полиция қызметкерін көлік қағып кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото видеодан алынған

Жол апатының видеосы әлеуметтік желілерде жарияланды. Кадрлардан полция қызметкерінің жол үстінде жатқанын көруге болады. 

Атырау облысының полиция департаменті ақпаратқа қатысты түсініктеме берді.

"30 қыркүйекте сағат 18:40-та Toyota Corolla көлігінің жүргізушісі қызметтік міндетін атқарып тұрған патрульдік полицейді қағып кетті. Оқиға салдарынан полиция қызметкері түрлі дене жарақаттарын алып, облыстық ауруханаға жеткізілді", – делінген хабарламада. 


"Лексусті мас күйінде айдап, әйелі полиция қызметкерін қағып кетті": Ақтөбеде бұрынғы депутаттың ұлын қамауға алды


Департамент жол-көлік оқиғасы бойынша тиісті құжаттар жинақталып, сараптама қорытындысы бойынша іс шешім қабылдау үшін сотқа жіберілетінін атап өтті.

Жүргізуші күн сәулесінен жол қозғалысын реттеп тұрған полицейді байқамағанын айтып, болған оқиғаға өкініш білдірді.

Еске салсақ, бұған дейін Абай облысында мас жүргізуші полиция қызметкерін қағып өлтіргені туралы жазған едік. 

Талқылау