Атырауда полицейлер 3 миллион теңгелік қарызы бар жүргізушінің көлігін қала бойымен аралатты
Салық төлемеген қарызына байланысты жүргізушінің тәркіленген Toyota Land Cruiser көлігін қала көшілерімен аралатты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Атырау қаласында мемлекеттік кірістер басқармасы мен облыстың ПД және жеке сот орындаушыларымен бірігі, бірқатар ісшаралар ұйымдастырды. Олардың негізгі мақсаты көлігі үшін төлемеген салығы бар жүргізушілерді анықтап, оларды айыппұл тұрағына жеткізу болды. Қарызы барлардың қатарына Toyota Land Cruiser автокөлігі кірген еді. Оның 3 млн. теңгеге жуық қарызы анықталған. Аталған темір тұлпар ПД қызметкерлерімен тәркіленіп, аыппқл тұрағына жеткізілді", - делінген Атырау облыстық мемлекеттік кірістер департтаментігінің баспасөз-қызметінің мәлімдемесінде.
Бұған қоса хабарламада 7128 салық төлеушінің мемлекетке 282 миллион теңге қарыз екендігі анықталыпты.
2026 жылы қазақстандықтар пәтер жөндеуге қанша қаражат жұмсайды
Алғашқы баспанасын қара сылақ күйінде сатып алған 25 жастағы Нұрсұлтан жөндеу жұмыстарына өзі араласқан
Ресейлік қыз қазақ отбасына келін болып түсті: Ол Қазақстан жайлы көзқарасы қалай өзгергенін айтты
Алена: “Қой бауыздайтындары әлі таңғалдырады, ал шашу мен құдалық ұнады”