Атырауда қаржының жетіспеушілігінен шаршаған мүгедектігі бар ер адам өзіне қол жұмсамақ болған
Атырауда қаржының жетіспеуінен қажыған мүмкіндігі шектеулі ер адам, үш баланың әкесі өз-өзіне қол жұмсамақ болған. Ер адамды полиция құтқарып қалды, деп хабарлайды "Мой город" порталына сілтеме беріп Stan.kz ақпарат агенттігі.

Полиция түнгі сағат екіде Жұмыскер – Балықшы көпіріне шақыртуға келген. Ол жерде 35 жастағы мас ер адам көпірден секірмек болған. Ол тәртіп сақшыларына екінші топтағы мүгедек екенін айтты. Ол отбасын асырауға қаражат таба алмағаны үшін өз өмірін қимақ болған.
Полиция оны райынан қайтарып, бөлімшеге жеткізген.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды