Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Терроризмді насихаттаған: Атырауда бұған дейін де сотталған 17 жастағы діни радикал ұсталды

Атырау облысында бұған дейін де лаңкестік әрекет ісі бойынша сотталған 17 жастағы радикал ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі

15 ақпанда ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура органдарының үйлестіруімен терроризмді әлеуметтік желілер арқылы насихаттады деген күдікпен Атырау облысының 17 жастағы тұрғынын ұстады.

Тінту кезінде одан тергеу үшін маңызды материалдар табылды.

“Қылмыстық кодекстің 256-бабы 1-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатыр. Айта кететіні, 2023 жылы осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін бұл азамат 2 жыл бас бостандығынан айырылған. Қабылданған процестік және профилактикалық шараларға қарамастан, ол құқыққа қарсы әрекеттерін жалғастырды”, – делінген комитеттің баспасөз орталығының хабарламасында. 

Ұлттық қауіпсіздік комитеті лаңкестік қылмыстар үшін жауапкершілік 14 жастан басталатынын еске салды.

ҚР Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөліміне сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.

Бұған дейін Ұлттық тестілеу орталығының қызметіне заңсыз қол сұқты деп айыпталған бірнеше адамға қатысты сот үкімі шыққанын хабарлаған едік. 

Талқылау