Атырауда балалар мен ата-аналары емхананың лифтіне қамалып қалды
Атырау облысындағы емдеу мекемесінде лифт істен шығып, ішінде ата-атаналар балаларымен бірге қалып қойған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі AtyrauPress баслымына сілтеме жасап хабарлайды.

"Құдай сақтап өлімнен аман қалдық. Есікті ашсақ, шахта көрініп тұр", - деді ата-ананың бірі.
Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі лифтте болған жағдайға байланысты түсініктеме берді.
"Лифттің көтере алатын жүктемесі тек 600 кг, яғни 8 адам. Лифт есігінің сыртында тек “Ауыр жағдайдағы науқастарға арналған” деген ескерту қағазы тұрғанымен, пациенттердің ата-аналары оны ескермей, 10-нан астам адам лифтке мінген. Шамадан тыс жүктеме болғандықтан, лифт уақытша істен шықты. Сағат 11:20-да техникалық ақау реттеліп, лифт қайта іске қосылғанын хабарлаймыз", - деп мәлім етті баспасөз қызметіндегілер.
Полиция бастығының қызы Олжас Сүлейменовтің немересін қалай қағып өлтірді: Қазақстандағы тағы бір атышулы жол апатын еске түсірейік
Үйленуді жоспарлап жүрген Ескендір Сүлейменов 26 жасында өмірден өтті