Атырауда әйел жаңа туған сәбиін дәретхананың шұңқырына тастай салған
Атырау облысы Индер ауданында безбүйрек ана жаңа туған сәбиін дәретханаға тастап кеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қылмыс 3 қазан күні болған. Ұлын көшедегі дәретханада босанған әйел, нәрестені шұңқырға тастай салған. Шырылдаған нәрестені ауыл тұрғындары тауып алды.
“Ауруханаға жеткен кезде ауыр хәлде болды. Денесі суықтап қалған. Дәрігерлер аман алып қалды. Анасы да табылып, аудандық ауруханаға жатқызылды", – деп хабарлады Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасы.
Полиция қылмыстық іс қозғап, тергеу амалдарын бастап кетті.
"Азық-түлік пен медицина қолжетімді": Иранда тұратын қазақ қандастар Отанға оралғысы келмейтінін айтты
Ажар: “Ауруханалар мен университеттер бомбаланып жатыр”
"Асқан қатыгездік": Қазақстандықтар қаңғыбас иттерді жаппай өлтіру туралы заң жобасына қарсы шықты
Тұрғын: "Қоғамның деңгейі оның жануарларға деген қарым-қатынасынан көрінеді"