Атырауда әйел 15 жыл бұрын сатылған көлігі үшін салық төлеп келген
Атырау қаласынының тұрғыны 15 жыл бойы жоқ көлік үшін салық төлеп келген деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

57 жастағы әйел өз меншігіндегі ГАЗель автокөлігін 2008 жылы сатып жіберген. Сол уақыттан бері ол автокөліктің барлық салықтарын, айыппұлдарын төлеп келді.
“Соңғы бес жылда ол ГАЗель автокөлігінің иесін іздеді. 2022 жылы Атырау облысы ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы полиция подполковнигі Руслан Мажитовтың қабылдауында болған. Полиция іздеуді бастады”, – деп мәлімдеді ПД.
Автокөлік Алматы облысы Қаскелең қаласында жүргендігі анықталып, қазіргі иесі табылды.
Атыраулық әйел көлікті тіркеуден алды. Көлік иесі салық пен айыппұл соммасы 800 мың теңгені қайтарып беруге келісті.
"Көмектесіңіз мен оны танымаймын деп жылады": Алматы облысында бейтаныс ер адам кішкентай баланы ұрламақ болған
Тұрғын: "Ер адам баланың ұлы екенін, жай ғана үйге кіргісі келмей тұрғанын айтты”
Ай сайын ит-мысықты асырауға 8 миллион теңге жұмсаймын
Панажай иелері күштеп жабуға тап болып отырғанын айтты