Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырауда 10 жастағы қыз бассейнге батып кетті – Нұсқаушы ұсталды

Марқұм бассейнге туысымен бірге келген. 10 жастағы қыз 2,5 метрлік ересектерге арналған бассейннен табылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Pixabay.com

Қазір аталған оқиғаға байланысты қылмыстық іс тіркелді.

“14 шілде күні 17:15-те Атырау облысы полиция басқармасының жедел кезекшісінен С.Мұқанов көшесі, №5 мекенжайындағы "Мұнайшы" орталық бассейнінде еркін жүзу кезінде 2014 жылы туған қыз суға батып, қаза болғаны туралы ақпарат түсті. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жарияланбайды”, – делінген хабарламада.

Полиция кешенді тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Марқұм қыз бассейнге туысымен келген. 

“Кәмелет жасқа толмаған бала бассейнге келіп, 16:00-ден 17:00-ге дейін бір реттік билет сатып алған. Тереңдігі 1 метрге жететін балаларға арналған бассейннің барына қарамастан, бала тереңдігі 2,5 метрлік ересектер байссейнінен табылды”, – деп мәлімдеді “Мұнайшы” орталық байссейнінің әкімшілігі. 

Қазір полиция бассейннің барлық қызметкерлерінен жауап алып жатыр. Қайғылы жағдай болған күні кешенде нұсқаушы мен жаттықтырушы болған. Нұсқаушы адамдардың қауіпсіздігіне жауап беретіндіктен бірінші болып күдікке ілінген.

Сондай-ақ марқұмның бұған дейін жүзу үйірмесіне бармағаны анықталды. 

Бұған дейін Түркістан облысында сарқырамада шомылған екі адамның көз жұмғаны туралы жазған едік.

Талқылау