Атырау облысындағы Талдыкөл ауылында тұрғындарды мәжбүрлі түрде эвакуациялау басталды
Атырау облысы Махамбет ауданы Талдыкөл ауылында су басу қаупіне байланысты мәжбүрлі эвакуациялау басталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Видеодан скриншот
Атырау облысы төтенше жағдайларды жою штабы Талдыкөлдегі халықты толық эвакуациялап жатқанын мәлімдеді.
"Толық эвакуациялау туралы шешім су басу қаупінің күшеюіне байланысты тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қабылданды", – делінген хабарламада.
Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің №1 жатақханасы базасында адамдар эвакуациялау пунктіне орналастырылады. Немесе туыстарының үйінде де болуға рұқсат.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін Талдыкөл ауылына 59 әскери қызметкер, төтенше жағдайлар министрлігінің 17 қызметкері және арнайы техника жұмылдырылды.
Талдыкөлдің 207 тұрғыны бұрын Атырауға эвакуацияланса, тағы 422 адам өз еркімен туыстарында қалды.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"