Атырау облысында жүкті әйел ауруханада көз жұмды
Атырау облысы Махамбет ауданының тумасы, 29 жастағы жас келіншек жүктіліктің 36 аптасында жан тапсырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, әйел 5 желтоқсанда "жедел фарингит" диагнозымен ауруханаға түскен. Келесі күні жансақтау бөлімінде қайтыс болған. Марқұмның артында бір жасар баласы қалды.
"Махамбет ауданында 6 желтоқсанда 29 жастағы жүкті әйелдің өлімі тіркелді. Қазір оның қайтыс болу себептері анықталып жатыр. Толыққанды ақпарат сараптама жасалып болған соң белгілі болады", – делінген хабарламада.
Осы жайтқа байланысты Махамбет ауданының полициясы Қылмыстық кодекстің 317-бабының 3-бөлігі "Медицина қызметкерінің кәсіби міндеттерін тиісінше орындамауы" бойынша іс қозғады. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, сараптама тағайындалды.
Қазақстандықтарға биыл жазда қайда бару тиімді: Грузия арзандап, Мальдив аралдары қымбаттаған
Ольга Исаева демалыс маусымы бағаға қалай әсер ететінін де атап өтті
Екінші деңгейлі банктер тұрғын үй қарызын бере алады, референдум өтеді: Қазақстанда 1 наурыздан бастап не өзгереді
Наурыз айында қандай өзгерістер болатынын зерттеп көрдік