Атырау облысында жол апатынан бір адам опат болды
28 қаңтарда Атырау облысында жол апатынан бір адам мерт болып, екеуі ауруханаға түсті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Жол апаты "Ақтөбе-Атырау-Ресей Федерациясының шекарасы" бағытындағы тасжолдың 523-шақырымында болған.
“Жол бойында 64 жастағы ер адам жүргізіп келе жатқан "КамАЗ" бен "Skoda" автокөлігі соқтығысып қалды. Жеңіл көліктің рулінде 67 жастағы зейнеткер болған. Соққы салдарынан жол-көлік оқиғасы тіркелген орында "Skoda" автокөлігіндегі 1960 жылғы жолаушы көз жұмды. Осы көлікте болған екі адам ауруханаға жеткізілді", – делінген полиция хабарламасында.
Полицияның баспасөз қызметінің деректеріне сәйкес жыл басынан бері аталған жол бойында бірнеше рет жол апаты тіркеліп отыр.
"Мәселен, 21 қаңтарда жергілікті уақытпен сағат 7:30-да Атырау облысы арқылы өтетін "Ақтөбе-Атырау-Ресей Федерациясының шекарасы" бағытындағы жолдың 502-шақырымында "ВАЗ-2114" автокөлігі жол апатына ұшырады. Көлік жүргізушісінің басқару жүйесін игере алмағаны анықталды. Сол күні сағат 10:40 шамасында аталған тас жолдың 376-шақырымында тағы бір жол-көлік оқиғасы тіркелді. Жол бойында "Lada Priora" мен "УАЗ" автокөліктері соқтығысты", – деп қосты баспасөз қызметі.

"Әйелдерді ылғи ұрысқақ, долы, толық етіп көрсетеді": Қоғам белсенділері қазақ киносындағы әйелдің образы неге өзгермейтінін талқылады
