Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырау облысында судья 2,5 миллион теңге пара алып жатқан жерінде ұсталды

15 қаңтарда Атырау облысында Махамбет аудандық сотының судьясы 2,5 миллион теңге пара алып жатқан жерінде ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.  

Ақпаратты жоғарғы соттың баспасөз қызметі растады. 2024 жылдың 10 қаңтарында Атырау облысы Махамбет аудандық сотының судьясына қатысты алаяқтық әрекеттер жасау фактісі бойынша материал тіркелгені хабарланды.

"2024 жылдың 15 қаңтарында облыс бойынша Ұлттық қауіпсіздік департаментінің қызметкерлері Сот әкімшілігінің ішкі қауіпсіздік басқармасымен бірлесіп, судьяны 2,5 миллион теңге пара алып жатқан жерінде ұстады. Қазір екі ведомствоның бірлескен іс-қимылдары арқылы сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр", — дейді жоғарғы соттың баспасөз қызметі.

Жоғарғы соттың баспасөз қызметі мен тергеу материалдарына сәйкес, параның сот төрелігін жүзеге асыруға қатысы жоқ.

Талқылау