Атырау облысында полицейлер суға құлап кеткен әйелді құтқарып қалды
5 наурыз күні полицейлер Құрманғазы ауданындағы Шарон өзеніне түсіп кеткен атыраулық әйелді құтқарып қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Видеодан скрин
Мұз ойылып, әйел кенет суға түсіп кеткен. Ол бірден айғайлып, адамдарды көмекке шақырған. Сол уақытта жолдан өтіп бара жатқан тәртіп сақшылары оның дауысын естіп, көмекке жүгірген.
Құрманғазы аудандық патрульдік полиция қызметінің инспекторлары Шынтас Әлисұлтан мен Батыржан Бақытұлы 32 жастағы әйелді жағаға шығарып, оған алғашқы медициналық көмек көрсетті.
“Қорықпа, келдім. Уайымдама, бәрі жақсы. Ұстап тұрмын”, – дейді тәртіп сақшыларының бірі әйелді сабырға шақырып.
- Қыз зорлады деген күдікпен ұсталған Талдықорған полициясының экс-бастығы сот залында есінен танып қалды
- Атырауда белгісіз ер адам автобус жүргізушісіне шабуыл жасады
Тәртіп сақшылары ауа райының жылуына байланысты мұздың беті жұқарғанын, мұзға шығу адам өміріне аса қауіпті екенін ескертеді.
Бұған дейін Алматыда автобус апатқа ұшырап, бес адам жарақат алғаны туралы жазған едік.
Балалар құсып, іші өтіп жатыр: Қазақстанда инфекция таралып жатыр ма?
Мамандар әзірге ауру жаппай өршіді деуге негіз жоқ екенін айтады
"Шай құймаймын, бір рет те тамақ пісірмедім": Түрікке тұрмысқа шыққан қазақ қызы енесімен қарым-қатынасы туралы айтты
Дина: “Күйеуім Алматыдан үй алуыма көмектесіп, ауырғанда жанымнан табылды”