"Атын сұрап қолынан ұстаған": Арқалықта балаларды аңдыған белгісіз ер адам іздестірілуде
Арқалықта үйне кетіп бара жатқан тоғыз және төрт жасар балаларды аңдыған белгісіз ер адам іздестірілуде. Оның ұлдың қолынан ұстап қалай өзіне қарай тартқаны видеоға түсіп қалған деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ұл мен қыз үйлеріне келе жатқанда, олардың соңына белгісіз ер адам түскен. Ол балаларды тоқтатып, атын сұрап кейін ұлдың қолынан ұстап, өзіне тартқан. Күдіктенген әпкесі інісін тез арада өзіне қарай тартып, қаша бастаған.
Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, балалар ағылшын тілі орталығына қарай жүгірген. Ал ер адам жақын маңдағы үлкендерді көргеннен кейін ғана арттарын аңдуды доғарған. Күдіктінің кім екені, не үшін ерді мұндай әрекетке барғаны белгісіз.
Ол қазір іздестірілуде. Дегенмен бұл іс бойынша полицияға ешкім арызданбаған.
Қазақстандық ер адам егіз қызы мен ұлын зорлады деп айыпталды: Анасы бірнеше жылдан бері әділдікке жете алмай жүр
Қылмыстық іс 6 рет тоқтатылған екен
"Көзқарастары ескі, жас мамандарды төмендетеді": Қазақстандық жас мұғалімдер үлкен буынмен жұмыс істеудің қиындығын айтты
Ал көпжылдық тәжірибесі бар мұғалімдер зейнет жас мәселесін қайта қарастырсын дейді