Атақты блогер Мадлен Венецияда өзін тонап кеткенін мәлімдеді

Қазақстандық блогер Мадина Мамадлиева Венецияға бара жатқанда қымбат чемоданы мен заттарын ұрлап кеткенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Блогердің сөзінше, ұрланған заттардың жалпы құны 70 000 долларға жуықтайды.
“Барлық аяқ-киім мен сөмкелер салынған Louis Vuitton чемоданын ұрлап кетті. Мойынға арналған жастықты шешіп, алып кеткен. Телефонға қарап отырсам керек. Ертең Венециялық фестивальге баруым керек, барлық аяқ киім ішінде еді. Өзімді нашар сезініп отырмын", – деді ол.
Мадина Мамадлиева пойыздағы бизнес класта екенін алға тартты. Сондай-ақ чемодандағы сөмке мен аяқ киімдердің біразы қолтырауын терісінен екен.
Балалар құсып, іші өтіп жатыр: Қазақстанда инфекция таралып жатыр ма?
Мамандар әзірге ауру жаппай өршіді деуге негіз жоқ екенін айтады
"Шай құймаймын, бір рет те тамақ пісірмедім": Түрікке тұрмысқа шыққан қазақ қызы енесімен қарым-қатынасы туралы айтты
Дина: “Күйеуім Алматыдан үй алуыма көмектесіп, ауырғанда жанымнан табылды”