Атамбаев тергеу изоляторында әйелімен кездесті
Раиса Атамбаева ҰҚК тергеу изоляторында қамауға алынған жұбайымен, Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаевпен кездесті.

Бұл туралы адвокат Сергей Слесарев хабарлады. Бұған дейін әйел тергеушіге күйеуімен кездесуді сұраған. Өтінін қанағаттандырылдыы.
Қорғаушының сөзіне қарағанда, басқа туыстар мұндай тілек білдірмеген. Сергей Слесарев ерлі-зайыптылардың әңгімелесу тақырыбын және олардың кездесудің ұзақтығын білмейтінін атап өтті.
«Бірақ менің қорғауымдағы адамым қамауда ұстау жағдайлары қанағаттанарлық деп санайды. Маған қосымша өтініштер айтқан жоқ», - деді адвокат.
Еске сала кетейік, Алмазбек Атамбаев Қой-Таш ауылында орналасқан резиденциясында екінші шабуыл кезінде ұсталған болатын. Бұл 8 тамызда болды. Осыдан бір күн бұрын жасалған алғашқы әрекет оң нәтиже бермеді.
"Жүрегіне салынған имплант түсіп кеткен": Алматыда сәтсіз отаның кесірінен 20 жастағы жігіт жансақтау бөліміне түскен
Науқас жансақтау бөліміне түсіп қалған
Таиландқа демалуға барған қазақстандық әйел босанып қалған: Баласының еміне күніне 740 мың теңге қажет
Назира: Дәрігерлер өмірінің алғашқы күндерінен бастап инфекция бар екенін растады