Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ата-анасы сәбиінің есімін коронавирустың құрметіне қойды

Үндістанның Уттар-Прадеш штатында отбасы жаңа туған баласына  ерекше есім берді. Олар қызына Корона деп ат қойды.

Ата-анасы сәбиінің есімін коронавирустың құрметіне қойды

Таңдалған есім әлемде пандемиямен өршіп тұрған жаңа SARS-CoV-2 коронавирусымен тікелей байланысты екені жасырын емес.

Deccan Herald басылымы жазғандай, нәрестенің ағасы Нитеш Трипати таңдалған атқа ерекше мән беретінін айтты.

Трипати жаңа коронавирус, ол COVID-19-мен өте қауіпті инфекцияны тудырса да, адамдарға оң әсерін тигізді деп санайды. Бүкіл әлемдегі адамдарға ортақ ауру адамның өз денсаулығына мұқият қарауға және кейбір жаман әдеттерден арылтуға көмектесті дейді.

Қызды Корона деп атай отырып, ата-анасы оның ауруға қарсы күресте адамзаттың бірлігінің символы болуын қалайды. Қиындықты жеңген барлық жақсылықтардың бейнесі болса дейді.

Жаңа туған нәрестенің ағасы қазір ең бастысы дүрбелеңге салынбау және дәрігерлердің нұсқауын қатаң сақтау екенін атап өтті.

Корона Үндістанда коменданттық сағат енгізілуінен бірнеше сағат бұрын өмірге келгенін айта кету керек. Дәрігерлер баланы дереу тексеріп, оның да, анасының да ауруды жұқтырмағанына көз жеткізді. Қазір отбасы ауруханадан шыққаннан кейін екеуін де қабылдауға дайындалуда.

Үндістанда 2020 жылдың 26 ​​наурызында таңғы 10-да 606 адам жаңа коронавирусты жұқтырған. Олардың ішінде он адам қайтыс болып, 43-і ауруды жеңіп шықты.

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

"Демалыс кезінде үйінде болған": Семейда 14 жастағы жасөспірімнен коронавирус анықталды

Науқас - 2006 жылы туған, Семей қаласының тұрғыны

Өскеменде кәсіпкерлер әкімдікке баса көктеп кірмекші болды

Олар рұқсаттама ала алмағандарына ызаланды

Алматыда жезөкшелердің қызметін ұсынған монша анықталды

Саунаны криминалдық полиция тапқан

Қазақстанда алғаш рет жүргізуші мас күйінде ЖКО себепкері болғаны үшін 4 жыл түрмеге қамалды

887 мың қазақстандық 42 500 теңге жәрдемақы алуға өтініш берген

Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нариман Мұқышев мәлімдеді

"Подъездің есігін құлыптап, тек саңылау қалдырған": Ақтау әкімдігі желіде тараған суретке түсініктеме берді

Әкімдік: "Әлеуметтік желілерде және түрлі басылымдарда бір суретке негізделген жалған ақпарат тарап жатыр"

"Көмек емес, пайдакүнемдік": Қазақстандықтар несие мерзімін кейінге шегеру шарттарына наразы

Заң форс-мажор болса да, сыйақыны есептеуді тоқтатуға мүмкіндік бермейді

Бұрынғы күйеуі бетін пышақпен тіліп тастаған: Ақтөбелік әйел халықтан көмек сұрады

Олардың ажырасқанына екі жыл болған

Ақтөбеде, Қызылордада және Шымкентте болған: Қазақстандық жүк көлігінің жүргізушісі коронавирустан көз жұмды

Ол сапарда баласымен бірге болған

"Жұмыс жабылды": Ақшаға мұқтаж қазақстандықтар 42500 теңге үшін бірнеше сағат бойы кезекте тұрды

Олардың ішінде жаға жыртысып, төбелескендер де бар
Çàãðóçêà...