Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ата-ананы несиеге батырмау үшін": Динара Сұлтан неге 10 жылдан кейін барып некелескенін түсіндірді

Динара Сұлтан тұрмыс құру жайлы кеңес берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Белгілі әнші Динара Сұлтан 5 баланы өмірге алып келгеннен кейін ғана тұрмыс құрғанының себебін түсіндіріп, қазіргі таңда қоғамдаға отбасы құрудағы мәселелерді ескергенін айтты. Осылайша әнші өзін сөгіп, жаман пікір жазғандарға жауап берген. Өзіне арнап жазба қалдырып, аямай сынның астына алғандарға да таңқалғанын жеткізді ол. 

"Желіде көбісі шулап, жазбайтын нәрселерді жазып жатыр. "Мен он жыл күтпес едім", "Намысыңыз жоқ екен", "Мен бұл әншіні тіпті танымаймын"  деп маған арнап пост жазған. Мені танымаймын деп алып, майын ағызып жазба қалдырады. "Талап қойған байды мен сол жерде-ақ тастап кететін едім" дейді. Көбісі мені "Сен жастарға қандай қате үлгі беріп жатырсың" деп сөгіп жатыр. Ең қызығы осы әйелдердің көбі тұрмыс құрмаған көрінеді. Бұл жәй ғана менің кішігірім қорытындым, өз ойым", - деп жазды Динара Сұлтан.

Осылайша өнер иесі статистикалық мәліметтер келтіріп, көп отбасылардың баланың обалына қалып, ажырасып жатқанын тілге тиек етті. Бірақ өнер иесі өзінен үлгі алуға шақырмай, тек тұрмысқа шығатын кезде жақсылап ойлану қажет деп ескерткен. 

"Қыз-келіншектер сіздерге айтарым бастысы ақ көйлек киіп, дүркіретіп той жасап, ата-аналарыңды несиеге батырып, ата-енеңмен татуласа алмай, бір бала туып, байдан қайтып келу емес! Статистика бойынша соңғы он жылда 1,5 миллион жас отбасын құрған, солардың 500 мыңнан аса отбасы ажырасып кеткен. Сұмдық қой. Менен үлгі алыңыз демеймін. Бірақ, жақсылап ойланыңыз, таңдаған жаныңыз мәңгілікке болуы шарт", - дейді Динара Сұлтан.

Талқылау