Ата-аналары шағымданған алматылық мектепте жөндеу жұмыстары жасалатын болды
Алматы қаласы Жетісу ауданындағы №2 жалпы білім беретін мектепте ата-аналар шағымынан кейін жөндеу жұмыстары жасалатын болды. Бұл туралы қалалық білім басқармасының өкілі мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Еске салайық, бұған дейін №2 мектептің ата-аналары мектептің суық екенін айтып, редакциямызға шағымдамған болатын. Айтуларынша, салқын білім ошағында оқыған балалар шеттерінен суық тиіп, ауырып қалуда.
Stan.kz жариялаған мақаладан кейін білім басқармасының өкілі журналистерге хабарласып, мектепке тағы да тексеру жүргізілгенін жеткізді. Сөзінше, мектеп әкімшілігі мен мердігер ұйыммен жиналыс өткізілген.
"Мердігер ұйыммен жиналыс өткізілді. Өтінім беріліп, сметалық құжаттама жасалады. Жөндеу жұмыстары ағымдағы айға жоспарланған", - деді Алматы қалалық білім басқармасының бас маманы Еркебұлан Айтбаев.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Шетелдіктерге қазақ тілі тесті қаншалықты қиын: ВНЖ-ны кімдер ала алады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі