AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ата-ана шешім қабылдауы керек: Аймағамбетов мектепте жыныстық тәрбие беру туралы айтты

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мектеп оқушыларына жыныстық тәрбие беруді ата-аналарға жүктеу керектігін айтты және мектептерде мұндай сабақтардың қажеттілігі туралы пікір білдірмеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Мектептерде жыныстық тәрбие бойынша сабақтар өткізу туралы білім министрі айтып берді. 

"Мектеп бағдарламасы шеңберінде жас ерекшеліктеріне сәйкес белгілі бір ақпарат дайындалған. Біз жыныстық тәрбие туралы сөйлескенде тек мектепте беру туралы ғана емес, әр ата-ана тәрбиелеп, қамқорлық жасауы керек. Бұл ата-ананың баламен қарым-қатынасына тікелей байланысты. Сондықтан, мектепте жыныстық тәрбие беру туралы ата-анасы шешім қабылдауы керек", – деп жауап берді министр.

Ол бұл тақырып бойынша әңгімелесу мен тәрбие жұмысын ата-аналарға тапсыру керектігін айтты.

Алайда ол мұндай сабақтар мектептерде қажет пе деген сұраққа жауап бермеді.

"Бұл мәселе бойынша түсініктеме бермеймін", – деді министр.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр