Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Асылхан “қайырымдылық жасап мақтанды” деп сынағандарға жауап берді

Үйлену тойы күні балалар үйіне ақ дастархан жайып, жүрегі жабырқаулы жандарға жылу сыйлаған Асылхан Төлепов желідегілердің сынына ілікті.

Ғаламторға жүктелген суреттерді көрген көпшілік, жас жұбайларды мақтанды деп келеке қылған. Алайда, актер қайырымдылық жайлы жан баласына жақ ашпағанын айтады.

Stan.kz тілшісіне эксклюзивті сұхбат берген жас депутаттың, интернетте жағымсыз пікір жазғандарға өз жауабы мынадай…


«Мен оны интернетке жариялығым келген жоқ. Жариялаған жоқпын да. Суретті өнер адамдарының өздері тауып инсаграмға жария қылған. Сол сәт өзіме естелік болсын деген ниетпен, арнайы фотографты шақырған болатынбыз.

Сол ғаламторға байқаусызда салып жіберіпті. Содан алып, бәрі таратып, Асылхан осындай қайырымдылық жасаған екен деп желіге жүктеген. Оны көбісі түсінбей жатыр. Қайырымдылықты жария қылып жатыр деп, сын айтып жатқандар да бар», – дейді Асылхан.


Жас жұбайлардың үйреншікті «гулянкасын», қайырымдылыққа алмастырған актер, бұл идея балалық шақта туындағанын айтады. Араға бірнеше жыл салып, Асылхан асқақ армандарының біріне қол жеткізген.

«Бұл менің бала кездегі арманым болатын. «Гулянка» деген не ол? Оны үйленсем жасамаймын деп сол кездері жоспарлап қойғанмын. Мен бірақ бұдан да басқаша жасаймын деп ойлағанмын. Мүмкіндік болса, таң атпай қоғамдық көлік алып, сол жерде барлығымыз бірге, қаланы автобуспен аралап жүреміз бе деген ой болды. Бірақ, тура сол той күні жаңбыр жауып кетті», – дейді Төлепов.

Ауа-райының қолайсыздығы туындаса да, Төлепов бұл ісіне дән риза! Өйткені, өнер иесі тағдырдың тауқыметін ерте тартқан бүлдіршіндердің жүзіне күлкі ұялатты, үлкендердің алғысын алды.

«Бірақ, қалай дегенмен де бұйырғаны болды. Балалар үйіне барып, Әмина деген апамыздың үйінде кішкентай балалармен тамақтанып, үлкендердің батасын алып, сол жерде кішкентай балалардың алдарынан өттік.

Қалай болғанда да балалар еліміздің болашағы және ата-анасынан айырылған балалар бар. Солардың жоқтығын білдірмейік деп, сондай бір рәсім жасаған едік», – дейді жас депутат.

Асылхан игі бастама жалғасын тапса деген ниетте. Тіпті, болашақта бір басы екеу болатынын жоспарлап жүрген жастарға, қайырымдылық эстафетасын табыстауды жөн көрді.

«Менің жанымдағы достарым хабардар болды бұл шарадан. Не істедіңдер деп сұраса, осылай жауап беремін. Менің достарым да, дәл мен сияқты жасаса екен деген ой бар. Кейін басқа бір адамдарға үлгі болса деген ниет еді.

Ғаламтордан, теледидардан көрген адамдар бұл істі көрсе, оларға да сабақ болады деп ойлаймын дейді», – дейді Асылхан Төлепов.

Естеріңізге сала кетсек, Асылхан Төлеповтің таңдауы Айсұлу есімді аруға түскен болатын. Актердің өмірлік жары ҚазҰУ-дың түлегі. Ал, екі жастың дүбірлі тойы қараша айының 7-ші жұлдызында, Алматыдағы қымбат мейрамханалардың бірінде өтті.

Оқи отырыңыз:

Фотосуретші қасқыр мен аю арасындағы ерекше достықты түсіріп алды (фото)

Саусақ “тақылдатса”,ұшақта телефон қосса не болады: ең қызықты сұрақтарға жауап

Солтүстік Кореяда санкция салдарынан халықтың көңіл көтеруіне тыйым салынды

Түрмеге бірге түскен екі сотталушының бірі екіншісін зорлаған педофил болып шықты

Талқылау