Асу Алмабаев мансабында алғаш рет UFC турнирінің басты кардында жұдырықтасады
Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Асу Алмабаев алғаш рет мансабында UFC тұжырымының басты кардына шығады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: UFC
"Зүлфикар” лақап атымен танылған Асу Алмабаев UFC тұжырымындағы үшінші жекпе-жегін басты кардта өткізеді. Ол 15 маусымда өтетін UFC Vegas 93 турнирінің негізгі кардында америкалық Хосе Джонсонға (16-8) қарсы жұдырықтасады. Аса жеңіл салмақта өтетін жекпе-жек маңызы жағынан бесінші болмақ. Кештің басты жекпе-жегінде Асудың салмағында рейтингте 5-орында тұрған Алекс Перез бен 13-орындағы Тацуро Тайра жұдырықтасады.
Айта кетейік, Асу Алмабаев шаршы алаңда 20 жекпе-жек өткізіп, 20-сында жеңіске жетсе, 2 рет қарсыласына есе жіберген. Ол соңғы кездесуін UFC 299 турнирінде Си Джей Вергараға қарсы өткізіп, жеңіске жеткен еді.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды

