Асу Алмабаев Лас-Вегаста өтетін UFC Fight Night 253 турниріндегі жекпе-жегінің алдында баспасөз конференциясына қатысты
Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Асу Алмабаев Лас-Вегаста өтетін UFC Fight Night 253 турниріндегі жекпе-жегінің алдында баспасөз конференциясын өткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Stan.kz
Басты жекпе-жекте Асу португалиялық спортшы Манел Капемен кездеседі.
Баспасөз конференциясында Алмабаев өзінің дайындығына сенімді екенін айтып, өзін UFC-дің жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеуінің келесі үміткері деп санайтынын мәлімдеді. Ол Капені жеңсе титулдық жекпе-жекке жақындай түсетінін атап өтті.
"Мұнда тек мен ғана прессинг жасаймын. Жалпы, мен үшін ешқандай қиындық жоқ. Өзімді жақсы сезінемін. Бұған дейін басқа промоушендерде титул үшін, басты жекпе-жектерде өнер көрсеттім. Сондықтан қобалжуды жеңе аламын. Иә, UFC-дегі алғашқы мейн-ивентім, бірақ өзімді жайлы сезінемін", – деді Алмабаев.
UFC Fight Night 253, немесе UFC Vegas 103 деп аталатын турнир 2 наурызда Лас-Вегастағы "UFC Apex" спорт кешенінде өтеді.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды

