Астаналық “Барыс” қатарынан үшінші ойында ойсырай жеңілді

Астаналық “Барыс” хоккей клубы өз алаңында екатеринбургтің "Автомобилистке" 1:4 есебімен есе жіберді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Тартысқа толы матчта есепті алғашқы болып "Барыс" ойыншысы Джейк Масси ашты.
Алайда бұдан кейін астаналықтар өз қақпасына екі шайба өткізіп алды.
Екінші кезеңде "Барыс" таразы басын теңестіруге мүмкіндік алғанымен, Мэйсон Морелли айып соққысын сәтті орындай алмады. Осыдан кейін қонақтар тағы бір дәл соққы жасап, есеп айырмасын ұлғайтты.
Үшінші кезеңде "Автомобилист" басымдығын сақтап қана қоймай, матчты 4:1 есебімен аяқтады.
Астаналық клуб келесі ойынын да өз алаңында өткізеді. 27 желтоқсанда "Барыс" Хабаровскінің "Амур" командасын қабылдайды.
Талқылау
"Халыққа құрметсіздік танытты": Танымал қазақстандық бренд "Борат" образын қолданғаны үшін сынға қалды
"Борат" Қазақстан қоғамы үшін бұрыннан даулы әрі сезімтал тақырып
Желіде шетелге шыққан қазақстандықтарға сыйақы ұсынатындар көбейген: Мұның артында не тұр
Ведомоство мұндай жағдайлар жауапкершілікке әкелетінін ескертті

