Астанадағы веложарыс кезінде ер адам көз жұмды
Астанадағы Tour of Uly Dala веложарысы кезінде ер адам қайтыс болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қазақстанның велоспорт федерациясы таратқан мәліметке сәйкес, жарыс кезінде бір велошабандоз жолдың жиегіне тоқтап, кенеттен қайтыс болған.
"Алдын ала мәліметке сәйкес, 1983 жылы туған ер адамның жүрегі шыдай алмады. Жарыста кезекшілік атқарған жедел жәрдем бригадасы шұғыл көмек көрсетті. Өкінішке қарай, ер адам қайтыс болды", - делінген ресми хабарламада.
Веложарыс ұйымдастырушылары марқұманың туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтты. Веложарысты тоқтатуға шешім қабылданды. Спорт додасы екі күнге – 15-16 шілдеге жоспарланған болатын.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Шетелдіктерге қазақ тілі тесті қаншалықты қиын: ВНЖ-ны кімдер ала алады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі