Астанадағы LRT жобасын қаржыландыруға қосымша 20 миллиард теңге бөлінді – Әлихан Смайылов
Әлихан Смайылов мәжіліс кулуарында күзде Астанадағы LRT жобасын қосымша қаржыландыру үшін тағы 20 миллиард теңге бөлінгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Премьер-министр LRT жобасының келешегі кеңінен талқыланғанын айтып өтті.
"Жобаның әрі қарайғы дамуының түрлі нұсқалары мен жүйелерін зерттей келе соңына дейін жеткізу туралы бір ауыздан шешім қабылданды. Қазір жобаны қаржыландыруды жалғастырып жатырмыз, күзде құрылысқа арнап 20 миллиард теңге бөлінді", – деді Смайылов.
Оның сөзінше, қаржының игерілуі кезінде министрлер кабинеті "жоба аясындағы мақсатқа жету мен оның тиімділігіне" қарайды.
"Бұдан кейін жобаны аяқтау үшін жоспарланған көлемде қаржы бөлінеді. LRT-мен әкімдік айналысып жатыр, ақшаны да әкімдік бөлді", – деді ол.
Жатақхананы аңдып, студент қыздарды зорлаған: ҚазҰУ-ды дүр сілкіндірген маньяк қалай ұсталды
Қылмыскер барлық қызды бірдей әдіспен өлтіріп, денелерін жатақхана маңына көмген
"Scopus-қа мақала шығару үшін 1,5 миллион теңге сұрайды": Қазақстандық ғалымдар докторантурадағы талаптарға наразы
Ресми деректерге сүйенсек, қазір Қазақстан бойынша докторантурада 7 600-ден 9 500-ге дейін докторант білім алуда