Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада ҰБТ-дан 140 балл жинаған оқушыға 5 млн теңге берілді

Астанада ҰБТ-дан 140 балл жинаған түлекке 5 миллион теңге сыйлық берілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: astanatv.kz

ҰБТ-дан 140 балл жинаған Р.Қошқарбаев атындағы Қосшы мектебінің оқушысы Ержанова Айымға "Zerdeli" ақыл-ой дамыту орталығының атынан 5 миллион теңге және iPhone 15 телефоны сыйлыққа берілді.

Ал ҰБТ-дан 139 балл жинаған Ақнұр Утеқұл мен 137 балл жинаған Мардан Куншыгаровға iPhone 15 телефоны мен Дубайға жолдама табысталды. Сонымен қатар тестілеуде 130-дан жоғары ұпай жинаған бірнеше оқушы 50 мың теңгенің сертификаты және Дубайға жолдама ұтып алды. 


400-ге жуық оқушының ҰБТ нәтижелері жойылды


"Білмге құштар жақсы орта таптым, бірге дайындалдым. Телефоннан алшақтап, кітапқа көңіл бөлдім. Уақытымды тиміді пайдалануға тырыстым. Ата-анамның үмітін ақтағаныма қуанып тұрмын. Осы орталыққа 10 сыныптан бастап келіп, дайындалып жүрмін. Дүниежүзі тарихы және ағылшын тілі пәндерін таңдадым. Осы орайда ата-анама және ұстаздарыма алғыс айтамын. Алла қаласа Еуразия ұлттық университетінен екі шет тілі мамандығын таңдап отырмын", – дейді Айым Ержанова. 

Еске салсақ, бұған дейін алматылық түлектің үш жылда алғаш рет ҰБТ-дан 140 балл жинағаны туралы жазған едік. 

Талқылау