Астанада тұрғын туысына жарты миллион долларды қайтармау үшін киллер жалдаған
Астанада полицейлер кісі өлтіруге тапсырған тұрғын мен киллерді ұстады. Тұрғын туысына 500 мың долларды қайтармау үшін осындай әрекетке барған деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Туысы астаналық ер адамға сақтай тұруы үшін қомақты қаржы берген екен. Алайда ер адам ақшаны өзіне қалдырғысы келіп, туысын өлтіру үшін 10 миллион теңгеге киллер жалдаған.
Тапсырыс берушіні қолға түсіру мақсатында полицейлер арнайы операция ұйымдастырып, қастандық сәтін "сахналаған".
Қастандық сәтінің видеосы тапсырыс берушіге қарсы дәлел болған. Видеоны көре салысымен ол киллерге ақшасын төлемек болыпты. Сол кезде полицейлер тұрғынды қолға түсірген.
Алматылықтар аптап ыстықта жылудың өшірілмей жатқанына шағымданды: Әкімдік себебін түсіндірді
Алматылық Ерғали Жақсылықов жергілікті билікке шағымданды
"Әйелдерге тән оюды ерлер пайдаланып жүр": Қазақстандық дизайнер жұлдыздардың ою-өрнекті орынсыз пайдаланып жүргенін сынға алды
Кез келген ою – оны жасаған адамның ішкі дүниесінің көрінісі