Астанада саңырау көлік жүргізушісін балағаттаған ер адам ұсталды (видео)
Астанада саңырау әрі мылқау такси жүргізушісіне тіл тигізген ер адамды полицейлер тауып, ұстады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Видеодан скрин
Бұған дейін желіде көлік ішінен түсірілген видео пайда болған еді. Оқиға орын алған кезде көлік ішінде жолаушы екі ер адам болған.
Алдында отырған ер адам саңырау әрі мылқау такси жүргізушісіне дөрекі сөйлей бастаған.
Бұл видео желі қолданушыларының наразылығын тудырып, күдіктінің жауапқа тартылуын талап етті.
"Такси жүргізушісіне балағат сөздер айтқан жолаушы дереу анықталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды”, – деп хабарлады Астана полициясы.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар