Астанада оқушы баспалдақтан құлап кеткен: Мектеп директоры қызметінен босатылды
Астанадағы 2-сынып оқушысы баспалдақтан құлап кеткен №14 мектеп-гимназиясының директоры Дидар Байтасов қызметінен босатылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Ашық дереккөзден алынды
Бұл туралы қала әкімдігі мәлімдеді.
"Оқиғаға байланысты №14 мектеп-гимназиясының директоры қызметінен босатылды", – делінген әкімдік хабарламасында.
Еске сала кетейік, бұған дейін Астананың №14 мектеп-гимназиясында жазатайым оқиға болып, оқушылардың бірі баспалдақтан құлағаны туралы жазған болатынбыз. Астананың білім басқармасы 25 қыркүйек күні оқушыны сыныптасы итеріп жібергенін мәлімдеді. Мектеп басшылығына қатысты қылмыстық іс қозғалды.
"Бұл өмірде қосылмасақ, ана өмірде бірге боламыз": Астанадағы қанды оқиға алдында не болғаны белгілі болды
Марқұмның жақындары редакцияға сұхбат берді
Алматыда "ауған майналары" көбейіп барады: Бұл несімен қауіпті?
Торғайлардың азаюына нақты майна себеп болып отыр деген қорытынды жасауға жеткіліксіз