Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада мектепке дейінгі ұйымдарға әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің бағасын негізсіз көтеріп сатқан

Астананың мектепке дейінгі ұйымдарына жеткізілетін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік (ӘМАТ) бағасы негізсіз көтерілген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Pixabay.com

ӘМАТ бағасының көтерілгенін Қаржы мониторинг агенттігі анықтап, бірқатар компанияны әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Астана әкімдігінің білім басқармасы басшылығымен бірлесіп, 98 мектепке дейінгі ұйымдармен профилактикалық жұмыс жүргізілді. Атқарылған жұмыс нәтижесінде балабақшалар бойынша шарттың жалпы сомасын азайту жөнінде ӘМАТ жеткізушілерімен қосымша келісімдер жасалады.

Қазір қаланың мектепке дейінгі 21 мекемесіне әлеуметтік маңызы бар азық-түлік жеткізу шарттары бойынша баға төмендеді. Соның арқасында 31 миллион теңгеден астам ақша үнемделді.

Сәбіз 49% (336-дан 170 теңгеге дейін), картоп 40% (336-дан 200 теңгеге дейін), қырыққабат 54% (370-тен 170 теңгеге дейін), пияз 45%  (220-дан 120 теңгеге дейін) төмендеді.

Еске салсақ, Астана мектептерінде тамақпен қамтамасыз ететін кәсіпкерлер негізсіз айыппұлдарға шағымданған еді. 

Талқылау