Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада мектеп директоры бұрынғы мұғалімді желідегі жазбасы үшін сотқа берді

Астанада мектеп директоры бұрынғы мұғалімді әлеуметтік желідегі жазбасы үшін сотқа берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Рexels.com

Елордада мектеп директоры ар-намысын, қадір-қасиетін және іскерлік беделін қорғап, моральдық зиян келтіргені үшін өтемақы өндіру туралы бұрынғы мұғалімнің үстінен сотқа шағым түсірді. 

“Мектептегі жұмысынан кеткен соң жауапкер Facebook әлеуметтік желісінде мектеп директорын оқушыларға жөнсіз әрекет жасаған мұғалімге шара қолданбай, заң бұзды деп айыптап, жазба жариялаған”, – деп мәлімдеді Астана қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық соты.

Филологиялық және психологиялық зерттеу жарияланған ақпаратта талапкер туралы оның ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіруі мүмкін теріс мәлімдемелер барын растады. Оған қоса, жауапкер желіде тараған ақпараттың рас екенін дәлелдейтін айғақтарды ұсынбаған.



“Сот желіде жарияланған, талапкердің ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін фактілерді сенімсіз деп таныды. Сонымен қатар жауапкер жазбаны өшіріп, жеке парақшасында кешірім сұрау арқылы ақпаратты теріске шығару міндеттелді”, – делінген хабарламада.

Сондай-ақ жауапкер моральдық шығын мен сот шығындарын өтейді. 

Сот шешімі заңды күшіне енді. 

Талқылау