Астанада құрылыс қарқынын бәсеңдету қажет - Көлгінов
Премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгінов Астанада құрылыс қарқынын бәсеңдету қажет екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

“Бірақ күрт құлдырау болмау керек, біз бұл мәселені әкіммен талқыладық. 2020 жылы әкімдікке үш миллион шаршы метр жоспар қойылып, ол орындалды. 2021 жылы – үш миллион 200 мың шаршы метр. Мұны да әкімдік атқарды. 3,5 миллион шаршы метрді талқылағанда: "Жоқ, реттеу керек" дедік. Өйткені қазірдің өзінде суға, жылуға инфрақұрылым салу қажет екенін көріп отырмыз”, – деді Айтал Көлгінов.
Алайда Көлгінов қолжетімді баспанаға сұраныс бар екенін алға тартты.
"Сонымен қатар, қосалқы электр стансаларын, кәріз желілерін салу керек, осындай кейін ғана аумақты одан әрі ұлғайту туралы айтуға болады. Бірақ баспанаға, әсіресе қолжетімді әлеуметтік баспанаға сұраныс бар", - деп қосты Көлгінов.
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған