Астанада ер адам көшенің ортасында адамды өлтіріп, автобусқа мініп, қашып кеткен
Астанада 26 тамыз күні түстен кейін Уәлиханов көшесінде "Артем" сауда үйінің маңынан ер адамның мәйіті табылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Елордада екі адамның арасында дау туындап, соңы төбелеске айналған. Ер адамдардың бірі екіншісін жерге құлатып, пышақтап, қашып кетті. Жәбірленуші сол жерде мерт болды.
"Куәгер күдіктінің қай бағытта қашып кеткенін көрсетті. Жедел басқару орталығының қызметкерлері оның автобусқа отырғанын анықтап, оның бағытымен жүрді", – деді елордалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Нәтижесінде күдікті ағаш зауытының маңында ұсталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу басталды, қажетті сараптамалар тағайындалды.
Астана қаласының полиция департаменті елорда тұрғындарына қылмыскерді іздеуге көмектескені үшін алғыс білдіреді.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Шетелдіктерге қазақ тілі тесті қаншалықты қиын: ВНЖ-ны кімдер ала алады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі